Әлемдік жаңалықтар

Қазақстандық серуен кезінде аттан құлап, 12 миллион теңге өндіріп алды

May 26, 2026 IDOPRESS

itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

Ақтөбенің №3 сотына материалдық шығынды өндіру және моральдық зиянды өтеу туралы талап арыз түсті. Ер адамның мүгедек болып қалуына соқтырған сәтсіз ат серуені сотқа жүгінуге себеп болған,деп хабарлайды Tengrinews.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талап қоюшының айтуынша,демалыс аймағында атпен серуендеу кезінде ол аттан құлап,соның салдарынан мүгедектік алған.

"Жауапкер О.-ның техникалық қауіпсіздік шараларының сақталуын қамтамасыз етпегені анықталды. Соның салдарынан талап қоюшы А. жарақат алып,ауруханаға жатқызылды. Бірнеше ота жасалып,оған 2-топтағы мүгедектік белгіленді",- деп хабарлады сот.

Сот талап қоюшыға келтірілген материалдық шығын мен моральдық зиян жауапкердің кінәсінен болған деген қорытындыға келді. Сот шешімімен одан 2 270 098 теңге материалдық шығын және 10 000 000 теңге моральдық зиян өтемі өндірілді.