itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

Қазақстан мен Өзбекстанның президенттері Бұхарадағы Ахуалдық орталыққа барды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бұхара облысының жаңа Ахуалдық орталығының қызметімен танысты. Онда тәулік бойы өңірдегі ахуалға,соның ішінде инфрақұрылым жағдайына,тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына,көлік жүйесіне,қауіпсіздік қызметіне және табиғи процестерге бақылау жүргізіледі.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Сондай-ақ,Ахуалдық орталық төтенше оқиғалар кезінде шұғыл қызметтердің іс-қимылын үйлестіріп,ықтимал сын-қатерлерге тосқауыл қою үшін жағдайдың өрбуін модельдеуді жүзеге асырады.
Тағы оқыңыз: «Алматыдағы жағдай өте күрделі» – Тоқаев Мирзиёевпен қалалардағы экология мәселесін талқылады