itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

"ҚазАвтоЖол" еншілес компаниясы филиалының бұрынғы басшысы сотталды,- деп хабарлайды
ҚАЖ мәліметінше,2024 жылы "КАЖсервис" ЖШС-нің Шығыс Қазақстан облысы филиалында лауазымдық міндеттерін іс жүзінде атқармаған тұлғаларды жалған жұмысқа рәсімдеу арқылы бюджет қаражатын жымқыру деректері анықталған. Нәтижесінде оларға заңсыз еңбекақы төленген.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында аталған құқық бұзушылыққа филиалдың бұрынғы директорының қатысы бары анықталып,қылмыстық іс сотқа жолданған.
"Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша (лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану) кінәлі деп танылып,2 жыл 9 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Прокуратураның апелляциялық наразылығы негізінде ШҚО соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы істі қайта қарап,жазаны 3 жыл 6 айға дейін күшейтті. Сонымен қатар келтірілген 6,7 миллион теңге көлеміндегі залал өндіріліп,бүгінгі күні толық көлемде өтелді",- делінген хабарламада.