Әлемдік жаңалықтар

13 адам қаза тапқан алматылық хостелдегі өрт: сот үкімі шықты

Jul 11, 2025 IDOPRESS

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Алмалы аудандық соты 13 адамның өмірін қиған хостелдегі өртке қатысты іс бойынша үкім шығарды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға қалай болды?

Almaty Hostel-де өрт 2023 жылдың 30 қарашасында болған. Қайғылы оқиға салдарынан 13 адам қаза тапты,оның төртеуі шетелдік азамат.

Бұл іс бойынша айыпталушылар – Әділбек Мұхамедияров пен Александр Пекельник. Мұхамедияров ҚР ҚК-ның 292-бабы 3-бөлігі бойынша,ал Пекельник – ҚР ҚК-ның 306-бабы бойынша айыпталған. Екеуі де кінәсін мойындамады.

Сот не шешті

Алмалы аудандық соты Әділбек Мұхамедияров пен Александр Пекельникті кінәлі деп таныды. Мұхамедияров ең төменгі қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Пекельникке дәл сондай режимде 4 жыл жаза тағайындалды. Екеуі де сот залында қамауға алынды.

Сондай-ақ сот жәбірленушілердің моральдық зиянды өтеу туралы өтінішін ішінара қанағаттандырды. Жәбірленушілер 20-30 миллион теңгеден талап еткен. Сот жәбірленушілер санына байланысты өтемақыны 7 миллион теңгеге дейін төмендетті.