Әлемдік жаңалықтар

ҰҚК жаңа қызмет туралы мәлімдеме жасады

Jul 3, 2025 IDOPRESS

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық қауіпсіздік комитеті жаңа ведомствоға қатысты мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2025 жылғы 30 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылу арқылы қайта ұйымдастырылды. Жаңа ведомство - "ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі".

"Осыған байланысты Комитетпен бірқатар ұйымдастырушылық,басқарушылық және практикалық іс-шаралары жүзеге асырылып жатыр. Құқықтар мен міндеттемелердің құқықтық мирасқорлығы рәсімдері аяқталғанға дейін қайта ұйымдастырылған ведомство бұрынғы режимде жұмыс істейтін болады",- делінген хабарламада.