Дина Шарипханова
Корреспондент
ПОДЕЛИТЬСЯ
27 маусым,жұмада Қазақстанда құбылмалы ауа райы күтіледі. "Қазгидромет" синоптиктері мәліметінше,бірқатар өңірде жаңбыр мен найзағай,кей жерлерде бұршақ пен екпінді жел болуы мүмкін. Сонымен қатар,еліміздің оңтүстігінде қатты ыстық сақталады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана – құбылмалы бұлтты,кей кездері жаңбыр,найзағай. Жел – солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады,жылдамдығы 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14,күндіз +21…+23.
Алматы – құбылмалы бұлтты,кей жерлерде жаңбыр,найзағай. Жел – батыстан,3–8 м/с,екпіні 14 м/с. Температура түнде +17…+19,күндіз +26…+28.
Шымкент – құбылмалы бұлтты,жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-батыстан 8–13 м/с. Температура түнде +16…+18,күндіз +32…+34.
Ақтау – құбылмалы бұлтты,күндіз жаңбыр,найзағай. Түнде және таңертең тұман. Жел – оңтүстік-шығыстан батысқа ауысады,5–10 м/с. Температура түнде +16…+18,күндіз +25…+27.
Ақтөбе – құбылмалы бұлтты,найзағай. Жел – оңтүстіктен,оңтүстік-батыстан 9–14 м/с,күндіз екпіні 20 м/с дейін. Температура түнде +13…+15,күндіз +21…+23.
Атырау – құбылмалы бұлтты,найзағай. Жел – оңтүстік-батыстан 9–14 м/с,екпіні 20 м/с дейін. Температура түнде +19…+21,күндіз +26…+28.
Жезқазған – құбылмалы бұлтты,жауын-шашынсыз. Жел – оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады,3–8 м/с. Температура түнде +14…+16,күндіз +28…+30.
Қарағанды – құбылмалы бұлтты,жаңбыр,найзағай,бұршақ. Жел – солтүстік-батыстан,батыстан 8–13 м/с. Температура түнде +12…+14,күндіз +19…+21.
Көкшетау – құбылмалы бұлтты,жауын-шашынсыз. Жел – оңтүстік-шығыстан 2–7 м/с. Температура түнде +12…+14,күндіз +23…+25.
Қонаев – құбылмалы бұлтты,найзағай. Жел – батыстан 9–14 м/с,екпіні 20 м/с. Температура түнде +17…+19,күндіз +28…+30.
Қостанай – құбылмалы бұлтты,күндіз аздаған жаңбыр,найзағай. Жел – оңтүстік-шығыстан,оңтүстіктен 7–12 м/с,екпіні 20 м/с дейін. Температура түнде +11…+13,күндіз +26…+28.
Қызылорда – аздаған бұлтты,жауын-шашынсыз. Жел – оңтүстік-батыстан 7–12 м/с. Температура түнде +15…+17,күндіз +32…+34.
Павлодар – құбылмалы бұлтты,түнде және таңертең жаңбыр,найзағай. Жел – солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Температура түнде +11…+13,күндіз +22…+24.
Петропавл – құбылмалы бұлтты,жауын-шашынсыз. Жел – түнде оңтүстік-шығыстан 2–7 м/с,күндіз 9–14 м/с. Температура түнде +11…+13,күндіз +23…+25.
Семей – құбылмалы бұлтты,күндіз бұршақ. Жел – солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады,7–12 м/с,екпіні 20 м/с дейін. Температура түнде +15…+17,күндіз +23…+25.
Талдықорған – құбылмалы бұлтты,жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-батыстан 5–10 м/с,екпіні 14 м/с дейін. Температура түнде +15…+17,күндіз +29…+31.
Тараз – құбылмалы бұлтты,жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-батыстан 9–14 м/с. Температура түнде +17…+19,күндіз +28…+30.
Түркістан – құбылмалы бұлтты,жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-батыстан 8–13 м/с. Температура түнде +17…+19,күндіз +33…+35.
Орал – бұлтты,кей кезде қатты жаңбыр,бұршақ,дауыл. Жел – оңтүстік-батыстан 9–14 м/с,екпіні 20 м/с дейін. Температура түнде +14…+16,күндіз +19…+21.
Өскемен – құбылмалы бұлтты,екпіні 20 м/с дейін. Температура түнде +16…+18,күндіз +26…+28.