Қазақстаннан 700 тоннадан аса металды заңсыз әкетуге тырысқандар әшкере болды

Jun 27, 2025 IDOPRESS
Дина Шарипханова Корреспондент ПОДЕЛИТЬСЯ Жетісу облысында стратегиялық шикізатты шетелге экспортта

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысында стратегиялық шикізатты шетелге экспорттау бойынша қылмыстық схеманың жолы кесілді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Металл сынығының кейбір түрлерін экспорттауға қолданыстағы мораторийге қарамастан,оларды шекарадан контрабандалық жолмен шығаруға әрекеттер жасалып жатыр.

"Қабылданған шаралардың нәтижесінде,Жетісу облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратурамен бірлесіп,рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген компанияның заңсыз қызметінің жолын кесті. Аталған компания түсті металдарды заңсыз қабылдап,өңдеуді ұйымдастырып,ілеспе құжаттарға жалған мәліметтер енгізу арқылы оларды бірнеше рет ел аумағынан тысқары шығаруға тырысқан",- делінген хабарламада.

Кәсіпорын аумағында жүргізілген тінту шаралары барысында шетелге жөнелтуге дайындалған 600 тоннадан астам қорғасын және 100 тоннадан астам алюминий құймалары,сондай-ақ түсті металл сынығы тәркіленген.

"Металл балқытуға арналған жасырын цех пен оның құрамын алдын ала зерттеуге арналған зертхана жойылды. Бұдан бөлек,нысан аумағында заңсыз еңбек еткен,көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік азаматтар ұсталып,олар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылып жатыр".

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп,қылмыстық схеманың түпкі бенефициарлары анықталып жатыр.