“Бейбітшілікке қауіп“ - БҰҰ бас хатшысы АҚШ-тың Иранға жасаған шабуылына қатысты

Jun 24, 2025 IDOPRESS
Сұлу Бөлек Корреспондент ПОДЕЛИТЬСЯ БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш АҚШ-тың Иран аумағындағы ядролық

Сұлу Бөлек

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш АҚШ-тың Иран аумағындағы ядролық нысандарға жасаған шабуылына пікір білдірді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ол X әлеуметтік желісіндегі жазбасында бөлісті.

"Мен АҚШ-тың Иранға қарсы бүгін күш қолданғанына уайымдаймын. Бұл - онсыз да шиеленіскен өңірдегі қауіпті эскалация және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке тікелей қауіп. Қақтығыс бақылаудан шығып кету қаупі артып барады,ал бұл бейбіт тұрғындар,өңір мен бүкіл планета үшін апатты салдарға әкелуі мүмкін",– деп жазды Гутерриш X желісінде.

Ол елдерді ахуалды ушықтырмауға және БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық нормаларына сәйкес міндеттемелерін орындауға шақырды.

"Бұл әскери жолмен шешілмейді. Алға бастар жалғыз жол - дипломатия. Жалғыз үміт - бейбітшілік",– деп түйіндеді Бас хатшы.

Иран тарапы АҚШ-тың елдегі ядролық нысандарға жасаған шабуылына байланысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізуге шақырды. Бұл туралы Иранның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Амир Саид Иравани мәлімдеді.

"Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіретін бұл жабайы әрі қылмыстық әрекеттердің ауыр салдарын ескере отырып,Иран Ислам Республикасы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін осы өрескел әрі заңсыз агрессия актісін дереу талқылау үшін шұғыл отырыс өткізуге шақырады",– делінген хабарламада.