Астана маңында ұшақ құлап, екі адам қаза тапты

Jun 24, 2025 IDOPRESS
Сұлу Бөлек Корреспондент ПОДЕЛИТЬСЯ Астанадағы Жоламан аэродромы маңында әуе апаты болды,қаза тапқан

Сұлу Бөлек

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы Жоламан аэродромы маңында әуе апаты болды,қаза тапқандар бар,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

"22 маусымда шамамен сағат 11:30-да Астанадағы Жоламан аэродромы маңында оқу-жаттығу ұшуы кезінде TL-2000 маркалы жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ жеке тұлғаға тиесілі. Алдын ала мәлімет бойынша,бортта екі экипаж мүшесі болған,екеуі де қаза тапқан",- делінген хабарламада.

Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылмақ.

"Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің көліктегі оқиғалар мен апаттарды тергеу департаментінің мамандары апат орнына аттанды",- деп мәлімдеді ведомство.

Айта кетейік,Жоламан аэродромы Ақмола облысы,Шортанды ауданында,Астана қаласының орталығынан шамамен 13 шақырым жерде орналасқан.