Жансая Қадыржанова
Корреспондент
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Ұлттық қор балаларға" бастамасы аясында 7 млн-ға жуық баланың болашағына ақша аударылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бағдарлама ресми түрде 2024 жылы 1 қаңтарда басталды. Осы арқылы 2006 жылдан бастап туған әрбір балаға Ұлттық қордан жыл сайын қаражат аудару көзделген.
Қаржы министрлігі мәліметінше,былтыр бағдарламаға 6 919 131 адам,яғни 2006 жылдан 2023 жылға дейін дүниеге келген балалар қатысқан. Олардың әрқайсына $100,52 есептелген.
"Оның жалпы сомасы $695,5 млн болды. Ұлттық қордан ақша есептелген балалардың жалпы санынан 2024 жылы 304 815 адам 18 жасқа толды,оларға жалпы сомасы $30,6 млн аударылды. 2025 жылы қатысушылар саны 6 921 035 балаға дейін өсті,оның 324 430-ы биыл 18 жасқа толады,ал қаржы көлемі $129,38 болды",- деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік,қаражат бала 18 жасқа толғанға дейін жиналады,содан кейін оларды тұрғын үйге немесе оқу ақысын төлеуге пайдалануға болады.