Әлемдік жаңалықтар

Қазақстанда жаңа мерекелер пайда болады

May 28, 2025 IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда алты жаңа кәсіби мереке пайда болады. Мұндай ұсынысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі енгізді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік жариялаған бұйрық жобасында Қазақстандағы кәсіби мерекелер тізіміне алтауы қосылатыны айтылған:

Қазақстан кәсіпкерлері күні;

Қазақстан қолөнершілері күні;

Табиғи монополия саласы қызметкерлерінің күні;

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерінің күні;

Кадр қызметінің қызметкері күні;

Қоғамдық тамақтану саласы қызметкерінің күні.

Сонымен қатар,Энергетиктер күнін атап өту күні өзгереді: бұрынғыдай желтоқсанның үшінші жексенбісінде емес,нақты күн — 22 желтоқсанда аталып өтетін болады.