Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға сапарын кейінге шегерді

Apr 24, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Италия премьер-министрі Джорджа Мелонидің Қазақстанға жоспарланған сапары,сондай-ақ,\"Орта

ПОДЕЛИТЬСЯ

Италия премьер-министрі Джорджа Мелонидің Қазақстанға жоспарланған сапары,сондай-ақ,"Орталық Азия - Италия" тұңғыш саммиті шегерілді. Бұл туралы Президенттің кеңесші - баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша,Италия премьер-министрі енді қашан келетінін тараптар келіседі.

"Италия тарапының өтініші бойынша Италия премьер-министрі Джорджа Мелонидің Қазақстанға жоспарланған сапары және "Орталық Азия - Италия" тұңғыш саммиті оның Рим Папасы Франциск қайтыс болуына байланысты аза тұту іс-шараларына қатысуына байланысты шегерілді. Мерзімдері қосымша хабарланады",- деді Руслан Желдібай.

Еске салайық,бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 26-27 сәуір күндері Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға ресми сапармен келетіні хабарланды.

27 сәуірде Астанада "Орталық Азия – Италия" форматындағы тұңғыш саммит өтуі керек еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!