100 миллион теңге, мыңдаған клиент: Қостанай облысында есірткі таратқан ірі арна әшкере болды

Apr 21, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті Прокуратураның үйлестіруімен әлеуметтік желілер а

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті Прокуратураның үйлестіруімен әлеуметтік желілер арқылы есірткі таратумен айналысқан арнаны анықтап,оның қызметін тоқтатты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күдіктілер 2024 жылдың мамырынан бастап "Thс Seller" атауымен Telegram-арнасында интернет-дүкен ұйымдастырып,есірткі заттарын сатқан. Төлемдер қолма-қол ақша және криптовалюта арқылы қабылданған.

"Тінту барысында 30 келіден астам марихуана мен гашиш,ұялы телефондар және 5 банк картасы тәркіленді. Анықталғандай,интернет-дүкеннің 2 мыңнан астам тұтынушысы болған және 100 миллион теңгеден астам сомаға 5 мыңнан астам есірткі саудасы жүргізілген",- делінген хабарламада.

Қылмыстық жолмен келген табысты жасыру мақсатында күдіктілер Telegram мессенджері арқылы дроптарды – яғни жалған тұлғаларды – тартқан. Бұл тұлғалар атына банк карталары рәсімделіп,сол карталар арқылы ірі көлемдегі ақшалай қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған.

"Есірткі тасымалы үшін күдіктілер қылмыстық табыстың есебінен 2 автокөлік пен мотоцикл сатып алып,оларды сенімді адамдардың атына тіркеген. Сот санкциясымен бұл көлік құралдарына тыйым салынды",- делінген хабарламада.

Күдіктілер екі ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.