Алматыда ер адам биіктен құлап, қайтыс болды

Apr 11, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Алматыда ер адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап,қаза тапты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілш

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ер адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап,қаза тапты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz оқырманы оқиғаның куәгері болған,ол редакцияға хабарласып,алдын ала мәлімет бойынша,ер адам 11-қабаттан құлағанын айтты.

Алматы Полиция департаменті бұл дерек бойынша мән-жай анықталып жатқанын жеткізді.

"Бұл факт бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс тіркеді. 26 жастағы азаматтың өліміне не себеп болғаны,оқиғаның мән-жайы мен мотивтері анықталып жатыр",– деп мәлім етті полицияның баспасөз қызметі.

Еске салайық,бұған дейін,8 сәуірде Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен қыз құлап,мерт болғаны хабарланған еді.