Әлемдік жаңалықтар

Мас күйде көлік жүргізгені үшін жазаны жеңілдету: ІІМ бұл ұсынысқа не дейді?

Mar 5, 2025 IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Мәжіліс депутаттарының мас күйінде көлік жүргізгені үшін жазаны жеңілдету туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс кулуарында ІІМ басшысының орынбасарынан журналистер депутаттардың ұсынысы туралы пікір білдіруін сұрады. Игорь Лепеха мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілікті жеңілдетуге қарсы екенін айтты.

"Министрліктің ұстанымы – біз рөлге тек сау күйде отыру керек деп санаймыз. Мен мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілікті жеңілдетуге қарсымын. Сондықтан көлікті тек сау күйде жүргізуге кеңес беремін",– деді Лепеха Мәжіліс кулуарында.