Алматыда наурыздан бастап кезекші ХҚКО-лар мекенжайы өзгереді

Mar 3, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ 1 наурыздан бастап Алматыда үш кезекші ХҚКО,сондай-ақ екі кезекші арнаулы ХҚКО жұмысын баста

ПОДЕЛИТЬСЯ

1 наурыздан бастап Алматыда үш кезекші ХҚКО,сондай-ақ екі кезекші арнаулы ХҚКО жұмысын бастайды. Өзгерістер екі ХҚКО-ның мекенжайына және арнаулы ХҚКО-лардың жұмыс кестесіне қатысты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Наурыздан бастап мына мекенжайларда кезекші ХҚКО-лар ашық болады:

Алатау ауданы – Нұркент шағынауданы,5/17;

Алмалы ауданы – Бөгенбай батыр көшесі,221;

Бостандық ауданы – Алмагүл шағынауданы,Ходжанов көшесі,9а.

Жұмыс уақыты:

Аптаның жұмыс күндері – сағат 9:00-20:00;

Сенбі күні – сағат 9:00-13:00-ге дейін.

Саялы және Кемел шағынаудандарында орналасқан арнайы ХҚКО азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін қабылдайды,алайда өтініштерді тек 18:00-ге дейін беруге болады,ал дайын құжаттарды 20:00-ге дейін алуға болады. Сенбіде өтініштерді қабылдау уақыты 12:00-ге дейін шектеледі,ал құжаттарды беру 13:00-ге дейін жалғасады.