Украина АҚШ-пен келіссөздердің соңғы кезеңіне шыққанын мәлімдеді

Feb 25, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Украина мен АҚШ пайдалы қазбаларды өндіру туралы келісім бойынша келіссөздердің соңғы кезе

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина мен АҚШ пайдалы қазбаларды өндіру туралы келісім бойынша келіссөздердің соңғы кезеңінде тұр. Бұл туралы Украина вице-премьері Ольга Стефанишина мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-премьердің айтуынша,украиналық және америкалық топтар келіссөздің соңғы сатысына өткен және келісімнің барлық негізгі тұстары келісілген.

"Келіссөздер өте конструктивті өтті. Біз АҚШ пен Украина көшбасшыларының бұл келісімді Вашингтонда мүмкіндігінше тезірек қол қойып,бекітеді деп үміттенеміз",– деді ол.

Айта кетейік,бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тың Украинаға көрсеткен көмегінің өтеуі ретінде украиналық ресурстарды пайдаланға шақырған еді. Алайда,Украина президенті Владимир Зеленский бұл келісімге қол қоюдан бас тартқан.