Тек жеке қабылдау арқылы. Қазақстанның Ресейдегі елшілігі мәлімдеме жасады

Feb 19, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Қазақстанның Ресейдегі елшілігі бұдан былай азаматтықтан шығу туралы құжаттарды пошта арқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі бұдан былай азаматтықтан шығу туралы құжаттарды пошта арқылы қабылдамайды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігі 2025 жылғы 1 наурыздан бастап азаматтықтан шығу бойынша құжаттарды пошта арқылы қабылдауды тоқтататынын мәлімдеді. Дипломатиялық өкілдіктің мәліметінше,бұл уақытша шара коронавирус пандемиясы кезінде енгізілген,алайда енді құжаттарды тапсыру үшін тек жеке қабылдау қарастырылған.

"Құжаттарды қабылдау тек жеке жүгіну арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар,жазылу үшін орындар саны көбейтіледі",– делінген хабарламада.

Қазақстан елшілігінің консулдық бөліміне қабылдауға жазылу үшін мына сілтеме ұсынылған.