158 миллион теңге тұратын сырға: олигархтардан қайтарылған әшекейлердің суреті жарияланды

Feb 19, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Қайтарылған активтерді басқару компаниясы 4-7 наурызда өтетін жаңа сауда-саттық туралы жари

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы 4-7 наурызда өтетін жаңа сауда-саттық туралы жариялады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аукционға қойылған активтердің ішінде 63 зергерлік бұйым бар. Олардың ішіндегі ең қымбаты:

DE BEERS сырғасы,жалпы салмағы 6,06 карат гауһар тастармен көмкерілген,құны 158 миллион теңгеге бағаланады. Әшекей 750-ші ақ алтыннан жасалған.

Van Cleef & Arpels алқасы 55 миллион теңгеге бағаланған. Ол 750-ші ақ алтыннан жасалған,жалпы салмағы 16,92 карат гауһар тастармен көмкерілген және брендтің белгісі бар.

YEPREM сақинасы 14 миллион теңгеге бағаланған. Эксклюзив сақина 750-ші ақ алтыннан жасалған және 85 гауһармен безендірілген.

Айта кетейік,бұған дейін сауда-саттыққа құны миллиондаған теңге болатын эксклюзив сағаттар шығарылды. Сағат әртүрлі үлгідегі алтыннан,ал кейбіреулері қолтырауын терісінен жасалған. Кейбір үлгілер асыл тастармен көмкерілген. Ең жоғары бастапқы баға 31 281 600 теңге болды.