"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2025 жылғы 1 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райына Скандинавия түбегінің аудандарынан циклон әсер етеді,оған байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі,елдің солтүстігінде,солтүстік-батысында,орталығында,шығысында бұрқасын және екпінді желмен қар жауады,елдің батысында,оңтүстігінде,оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Республика бойынша тұман,көктайғақ,жел күшеюі күтіледі.
Күндіз шығысында,Қостанай облысының оңтүстігінде,батысында,Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде,Ақмола облысының батысында,солтүстігінде 30 м/с және одан да көп қатты жел күтіледі.