Әлемдік жаңалықтар

Астанада Жаңа жылға орай қандай іс-шаралар өтеді?

Dec 31, 2024 IDOPRESS

Астанада 31 желтоқсанда түстен кейін сегіз жерде қазақстандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік жаңа жылдық концерттер өтеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада 31 желтоқсанда түстен кейін сегіз жерде қазақстандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік жаңа жылдық концерттер өтеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы ауданында Тәуелсіздік даңғылы бойындағы Оқушылар сарайының аумағында,Байқоңыр ауданының Ататүрік саябағының аумағында,Нұра ауданындағы Орталық саябақта және Сарыарқа ауданының Көктал саябағында сағат 12.00-ден 13.30-ға дейін мерекелік концерттік бағдарламалар өтеді.

Сарайшық ауданында Промышленный тұрғын алабында жаңа жылдық бағдарлама сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін өтеді.

Жаңа жыл қарсаңында 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін қаланың үш орнында мерекелік іс-шаралар өтеді.

31 желтоқсанда сағат 21:00-ден 02:00-ге дейін қалалық алаңда (қала әкімдігінің алдында),Қазақ елі монументі мен ЭКСПО алаңының аумағында қазақстандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа жылдық мерекелік концерттер өтеді.

Іс-шараларға отандық эстрада жұлдыздары Алмас Кішкенбаев,Ауree,Еркеш Хасен,Бейбіт Қорған,Қайрат Баекенов,Зарина Омарова,Ильхан Ихсан,Құрмаш Махан,Маржан Арапбаева,Әлішер Кәрімов,"Заман","Меломен" топтары және басқа да әртістер қатысады.