Ақорда резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Гвинея-Бисау президенті Умару Сисоку Эмбалоны салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Умару Сисоку Эмбало бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылының бастығы президенттерге рапорт беріп,екі елдің әнұрандары шырқалды. Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.