Әлемдік жаңалықтар

Прокурорлар Шерзат Болаттың туыстарымен болған оқиғадан кейін үндеу жасады

Dec 11, 2024 IDOPRESS
Алматы облысының прокуратурасы өңір тұрғындарына заңсыз митингтерді ұйымдастыру мен оларға қатысудың салд

Алматы облысының прокуратурасы өңір тұрғындарына заңсыз митингтерді ұйымдастыру мен оларға қатысудың салдары туралы ескерту жасай отырып,үндеу жариялады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысының прокуратурасы өңір тұрғындарына заңсыз митингтерді ұйымдастыру мен оларға қатысудың салдары туралы ескерту жасай отырып,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство митингтер,жиналыстар және пикеттер сияқты қоғамдық іс-шараларды өткізу "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заңмен қатаң реттелетінін еске салды.

"Азаматтарды жауапкершілік танытып,заңсыз митингтерге қатысуға шақырған үндеулерге ермеуге шақырамыз. Мұндай іс-шараларды ұйымдастыру мен оларға қатысу заңды өрескел бұзу болып табылады және ауыр салдарға әкеп соғады. Бұл әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік (Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 488-бабы) және қылмыстық жауапкершілік (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 400-бабы) қарастырылған. Заңсыз акцияларға қатысу әкімшілік қамауға,ірі айыппұлдарға және қылмыстық қудалауға әкелуі мүмкін екенін еске саламыз",– делінген Алматы облысы прокуратурасының үндеуінде.

Бұл үндеу 10 желтоқсанда Азат ауылында болған оқиғадан кейін жарияланды. Сол күні Талғарда қайтыс болған Шерзат Болаттың ағасының жерлеу рәсімі өткен болатын. Полицияның алдын ала мәліметі бойынша,ол өз-өзіне қол жұмсаған. Жерлеу рәсімінен кейін полиция Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты ұстады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше,ол агрессивті әрекет көрсетіп,айналасындағыларға қауіп төндіріп,өз-өзіне қол жұмсаймын деп қорқытып,пышақпен полиция қызметкеріне шабуыл жасаған.