Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясына жұмыс сапарымен барды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев One Water саммитіне қатысу үшін Сауд Арабиясына жұмыс сапарымен барды.
"Халықаралық форум Қазақстан мен Францияның төрағалығымен,Сауд Арабиясы және Дүниежүзілік банк тобының қолдауымен өтеді",- делінген хабарламада.
Сонымен қатар,Президент Рияд қаласында бірқатар кездесу өткізуді жоспарлап отыр.