Астанада жеке екіқабатты үйде өрт шығып,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін таңертең Астанада екі қабатты жеке тұрғын үйде шатыр жартылай құлап өрт шықты.
Құтқарушылар хабарлама келіп түскеннен кейін 6 минутта жеткенде ашық жануды байқаған. Өрт алдын ала 500 ш.м. алаңда оқшауланып,толығымен сөндірілді.
Өрт салдарынан 2011,2015,2021 және 2022 жылы туған төрт бала қаза тапты.
Себебі анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға орнында өрт зерттеу зертханасы жұмыс істеуде,қаза тапқандардың жақындарына Апаттар медицинасы орталығының және Астана қаласы ТЖД психологтары көмек көрсетіп жатыр.