Танымал "Алматының түндері-ай" хитінің авторы,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қайғылы оқиға туралы бүгін белгілі болды. Ақынның парақшасында балалары қайғылы жаңалықты бөліскен жазба пайда болды.
"Анама деген махаббаттарыңызға рахмет",- делінген жазбада.
Посттың астында ақынның жанкүйерлері көңіл айтты.
"Жатқан жері жайлы болысын","Қандай қайғылы жаңалық","Қайғыра көңіл айтамыз",- деп жазды желі қолданушылары.
Құрманай Бақтиярқыз соңғы айларда денсаулығына байланысты күрделі жағдайда болған. Көптеген хиттердің авторы тек поэзиясымен ғана емес,сонымен қатар жүргізуші ретінде де танымал болды. Құрманай 200-ден астам ән жазған,олардың көпшілігін қазақстандық танымал әртістер орындайды.