Кәсіпкер Тимур Құлыбаевтың компаниясы Алматы әкімдігінен 34 миллиард теңге өндіріп алмақ. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек өз сауалында айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Базарбектің айтуынша,талап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға жерлерді қайтару ісіне қатысты. Мәжілісмен өз сауалын Бас прокуратураға жолдады.
"Соттың шешімі бойынша,бизнес-орталық салынатын жерінен айырылып,Тимур Құлыбаевтың фирмасы Алматы әкімдігіне 34 миллиард теңге сомасында есепшот жасады. Енді соттан ұтылғаннан кейін компания бизнес-орталықтың құрылысына салынған заңсыз инвестицияларын өндіріп алғысы келеді. Әкімдер жер учаскелерін заңсыз берген барлық жобаларға қатысты осындай жағдай болады",- деді депутат мәжіліс отырысында.
2017 жылғы 1 тамызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматы әкімдігіне Әл-Фараби даңғылы,71 бойынша жер учаскесінің шекараларын түзету туралы өтінішпен жүгінген. Жалпы алғанда,ҚазҰУ өз аумағын бір гектарға – 73,2-ден 72,1 гектарға дейін қысқартуды жоспарлаған.