ІІМ қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысқаны үшін азаматтарды көтермелеуді көздейтін "Құқық бұзушылықтар профилактикасы туралы" заң жобасын әзірледі. Азаматтар алғыс хаттар,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Құжатқа сәйкес,жол қозғалысы ережелерін бұзу оқиғасының бейнежазбасын жіберген азаматтар заңбұзушыдан өндіріп алынған айыппұл сомасынан ақшалай сыйақы немесе қоғамдық көлікте тегін жүру немесе тегін тұрақ сияқты жергілікті атқарушы органдар беретін жеңілдіктерді ала алады. Еріктілер қайырымдылық ұйымын да ұсына алады,оған сыйақы беріледі.
Бейнежазба авторларына төленетін айыппұл пайызы жобада көрсетілмеген.
Бірнеше адам құқық бұзушылықты түсіріп алған жағдайда,белгіленген талаптарға сәйкес келетін бейнежазбаны бірінші болып жіберген адам сыйақы алады.
Құжат 8 қазанға дейін қоғамдық талқылауда болады.