Әлемдік жаңалықтар

Қарағандылық оқушы сабаққа бармау үшін бомба туралы жалған хабарлама берген

Sep 5, 2024 IDOPRESS
Қарағандылық оқушы сабаққа бармау үшін бомба туралы жалған хабарлама таратқан,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілші

Қарағандылық оқушы сабаққа бармау үшін бомба туралы жалған хабарлама таратқан,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағандылық оқушы сабаққа бармау үшін бомба туралы жалған хабарлама таратқан,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысында құқық қорғау органдары Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-лицейде жарылғыш құрылғылар орнатылғаны туралы екі рет жалған ақпарат берген кәмелетке толмаған оқушыға қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл оқиғалар 2 және 3 қыркүйекте болған.

"Өзін қала мектептерінің бірінің оқушысы ретінде таныстырған белгісіз адам төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне хабарласып,оқу орнындағы "жарылғыш зат" туралы айтқан. Тексеру барысында ақпарат расталмады. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Қарағанды облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мектеп-лицейдің кәмелетке толмаған оқушысының "жалған терроризмге" қатысы бар екенін анықтады",- делінген хабарламада.

Ұсталған баланың айтуынша,ол сабаққа қатысқысы келмей,осындай қадамға барған. Оның ата-анасы тәрбиелеу бойынша міндеттемелерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

"Аталған жағдай мұндай "әзілдің" орынсыз екендігін және жасөспірімдердің әрекетін бақылау қажеттігін көрсетеді".