Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров Қазақстандағы АЭС бойынша референдумға қанша қазақстандық қатыса алатынын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Петровтың айтуынша,республикалық референдумда сайлау учаскелерінің екі түрі болады: азаматтардың тұрғылықты жері бойынша және олардың уақытша барған жерлерінде құрылған.
"Референдум учаскелерінің жалпы саны - 10 327,оның ішінде тұрғылықты жері бойынша 9 709 учаске және 618 уақытша болу орнында,63 елде Қазақстаннан тыс жерлерде - 78 учаске. Референдум комиссияларының мүшелері саны 70 049 адам болады. 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша,жалпы ел бойынша 12 176 968 азамат референдумға қатысу үшін тізімге енгізілуге құқылы",- деді Петров.
Бұл ретте ол 1 шілдедегі көрсеткіш түпкілікті емес және негіз ретінде алынғанын түсіндірді.
"Әкімдіктер шілде-тамыздағы халық санының динамикасын ескереді және әрбір азаматтың референдумға қатысушылар тізіміне барынша толық енгізілуін қамтамасыз ету үшін берілетін өтініштерді ескереді",- деп қосты Петров.