Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева канадалық теннисші Лейла Фернандеспен бірге Цинциннатидегі (АҚШ) WTA 1000 турнирінің финалына шықты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Теннисшілер чехиялық-ресейлік жұп Линда Носкова мен Диана Шнайдерді 6:3,6:4 есебімен жеңді.
Финалда Юлия мен Лейла америкалық Эйжа Мұхаммад пен жаңазеландиялық Эрин Рутлиффпен кездеседі.