Әлемдік жаңалықтар

Алматыдағы операция: қылмыстық жабдықтары бар кеңсе табылды

Aug 14, 2024 IDOPRESS
Алматыда пәтерлердің бірінен АТС (Автоматты телефон станциясы) табылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.k

Алматыда пәтерлердің бірінен АТС (Автоматты телефон станциясы) табылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда пәтерлердің бірінен АТС (Автоматты телефон станциясы) табылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодардан келген 30 жастағы тұрғын ұсталды,оның жалға алынған кеңсесінен SIM-картаға арналған 512 слоты бар SIM-box жабдығы,сондай-ақ 1620 SIM-карта табылып,тәркіленді.

"Тәркіленген заттар арқылы интернет-алаяқтар әртүрлі интернет қызметтер мен мессенджерлерді жасырын пайдаланады. Сонымен қатар ол аккаунтарды тіркеуге қолданылады,алаяқтар басқа елде бола тұра қазақстандықтарға қоңырау шала алады. Ұсталған азамат осы жабдықты орнату және қосу,сондай-ақ слоттардағы SIM-карталарды ауыстырудан тұратын жұмысқа келіскенін айтты. Күдіктінің сөздері ҚР ҚК-нің 213-бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында мұқият тексерілетін болады",– деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы,ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.