Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев елдегі жолдардың жағдайы туралы есеп берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша,биыл Қазақстанда жалпыға ортақ 12 мың шақырым жолдың құрылысы мен жөндеу жұмыстары жүргізілген. Оның 8 мыңы республикалық маңызы бар жол болса,4 мыңы жергілікті маңызы бар жолдар.
"Шалқар - Ырғыз,Жезқазған - Петропавл,Қарағанды - Қарқаралы - Аягөз және басқа да жол учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл қорытындысы бойынша 7 мың шақырымдағы жұмыстарды аяқтау жоспарланған. Атап айтқанда,Қарағанды - Алматы,Талдықорған - Өскемен,Ақтөбе - Атырау - Астрахань және Мерке - Бурылбайтал жолдары учаскелерінде I және II техникалық санат параметрлері бойынша жұмыстар аяқталады. Жалпы қабылданып жатқан шаралар жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етеді",- деді Марат Қарабаев.