Әлемдік жаңалықтар

"Қазпошта" қызметіне тексеру: ұрлық пен алаяқтық анықталды

Jul 26, 2024 IDOPRESS
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті \"Қазпошта\" АҚ қызметіне т

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті "Қазпошта" АҚ қызметіне тексеру жүргізді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті "Қазпошта" АҚ қызметіне тексеру жүргізді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тексеру барысында жолданымдарды тіркемеудің 10 мыңнан астам дерегі,2 мыңға жуық мемлекеттік құқықтық статистиканы бұрмалау,249-жолданымдарды уақтылы тіркемеу,өтініштерді қарау мерзімдерін бұзудың 94 дерегі және өзге де кемшіліктер анықталды.

Бұдан басқа,"Қазпошта" АҚ пайдаланатын электрондық құжат айналымы жүйесін құжаттау,пайдалану тәртібін реттейтін құқықтық актілер Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес келмегені анықталды",- делінген хабарламада.

Тексеру нәтижелері бойынша Комитет және оның аумақтық органдары заңдылықтың бұзылуын жою туралы 21 ұсыну енгізді,20 әкімшілік іс қозғалды. Қадағалау актілерінің қаралу нәтижесінде 48 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке және 20-сы әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

"Сонымен қатар,құқық қорғау органдарына хабарланбаған бөтеннің мүлкін ұрлау,сондай-ақ алаяқтық деректері анықталды,осылайша аталған қылмыстық құқық бұзушылықтар есепке алынбай,олар бойынша процестік шешім қабылданбаған",- делінген хабарламада.

Комитеттің бастамасы бойынша,"Қазпошта" АҚ филиалдары арқылы жіберілген сәлемдемелерді ұрлаудың 3 дерегі,сондай-ақ коммуналдық қызметтерді төлеу үшін қабылданған ақшалай қаражатты ұрлау дерегі Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелгені айтылды.