Тараз ауданы жақын маңдағы елді мекендер есебінен кеңейеді. Жамбыл облысы әкімдігі қаулысының тиісті жобасы "Ашық НҚА" порталында пайда болды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жалпы ауданы 11 257,9181 гектар Жамбыл ауданы жерінің бір бөлігін,жалпы ауданы 1 761,2014 гектар Байзақ ауданы жерінің бір бөлігін Тараз қаласының шекарасына қосу арқылы Тараз шекаралары өзгертілсін,жалпы ауданы 31 798,0742 гектар шекара белгіленсін",- делінген құжатта.
Түсіндірме жазбадағы мәлімет бойынша,Тараз аумағын 18 787 гектардан (бастапқы жылға) 573 мың тұрғыны бар 31 798,7 гектарға дейін ұлғайту көзделіп отыр.
Қала шегін реттеу барлық бағыт бойынша көзделеді: солтүстік-шығыс,солтүстік,оңтүстік-шығыс және оңтүстік,оны қала маңындағы кенттерді: Байзақ және Жамбыл аудандарының 14 елді мекенін қоса отырып,неғұрлым реттелген нысанға алып келеді.