Шымкентте ер адам жасөспірімді "тәрбиелеймін" деп аяусыз ұрған,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиғаның видеосы желіде тарап кетті.
Кадрларда күзетшіге немесе полицейге ұқсайтын ер адам жасөспірімді ұстап алып,ұрысып,ағашпен ұрып,кейін ішінен екі рет ұрып жібергені көрінеді. Осы кезде жасөспірім: "аға,кешіріңіз! Ойбай! Кешіріңіз,өтінемін!" - дейді.
"Мына кісіге мылтық берсе балаларды атып тастайды",- деп жазылған видеода жазбасында.
Шымкент Полиция департаменті өкілдері бұл оқиғаға пікір білдірді.
"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр",- деді ведомство өкілі.