Әлемдік жаңалықтар

Екібастұзда төтенше жағдай режимі жарияланды

Jul 2, 2024 IDOPRESS

Екібастұзда техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды. Тиісті шешім жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Екібастұзда техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды. Тиісті шешім жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Energy Solutions Center ЖШС-де орын алған авариялық жағдайға байланысты Екібастұз қаласында объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жариялансын",- делінген құжатта.

Төтенше жағдай режимі 1 шілдеден бастап қолданылады.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше,биыл маусымда Екібастұз ЖЭО "Самұрық-Энерго" АҚ-ның арнайы құрылған еншілес компаниясы Energy Solutions Center ЖШС сенімгерлік басқаруына берілген. Былтыр станцияда негізгі және қосалқы жабдықтарға ауқымды жөндеу жүргізілді. 10 қазандықтың 8-і күрделі жөндеуден өтті,тағы екеуі ағымдағы жөндеумен қамтылды,бұл жылыту маусымында іркілістердің алдын алуға мүмкіндік берді.

"Жүргізілген жөндеу науқаны мен "Самұрық-Энерго" АҚ талдауын ескере отырып,Екібастұз ЖЭО-да №5 қазандық агрегатына күрделі жөндеу және "Самұрық-Энерго" АҚ қаражаты есебінен №9 қазандыққа ағымдағы кеңейтілген жөндеу жүргізу қажет",- деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.