Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев VI шақырылымдағы Милли Меджлисті тарату және Әзербайжанда кезектен тыс парламент сайлауын тағайындау туралы жарлыққа қол қойды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Report мәліметінше,21 маусымда өткен Парламенттің пленарлық отырысында Милли Меджлис Президентке кезектен тыс парламенттік сайлау тағайындау туралы ұсыныс жолдаған. Оған 105 депутат қолдап дауыс берген,қарсы - 1 дауыс.
27 маусымда Конституциялық сот Пленумының отырысында Милли Меджлисті тарату және кезектен тыс сайлауды тағайындау конституцияға сәйкестігі туралы қаулы қабылданды.
Мемлекет басшысының өкіміне сәйкес,кезектен тыс парламент сайлауы 2024 жылдың 1 қыркүйегіне белгіленген.