Қасым-Жомарт Тоқаев президент Наташа Пирц Мусарды Словенияның Ұлттық күнімен құттықтады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Словенияның Ұлттық күніне орай Президент Наташа Пирц Мусарға құттықтау жеделхатын жолдады.
"Қазақстан мен Словения арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастық жылдан-жылға нығайып келе жатқаны ерекше қуантады. Болашақта да сан қырлы қазақ-словен ықпалдастығы халықтарымыздың игілігі үшін қарқынды дами беретініне зор үміт артамын",– деп жазылған жеделхатта.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып,Мемлекет басшысы Словения Президентіне және оның халқына бақ-береке тіледі.