ШҚО-да бағалы металдарды заңсыз өндіру деректері анықталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО прокуратурасына сілтеме жасап.
Ұлан ауданында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында бағалы металдарды іздеу үшін тиісті лицензиясыз жер қазумен айналысқан заңсыз кеншілердің екі тобы анықталған.
"Осы мақсат үшін кеншілер 4 металл іздегішті пайдаланған,олар кейіннен тәркіленген. Сонымен қатар,жайылымдық жерлерде арнайы техниканы пайдаланып жер қойнауын заңсыз өндіру салдарынан қоршаған ортаға зиян келтіру дерегі анықталды",- делінген хабарламада.
Анықталған заңбұзушылықтар бойынша материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін полицияға жіберілгені айтылды. Бұл ретте полицейлер жайылымдық жерлерді пайдалану кезінде зардап шеккендерді анықтау шараларын жүргізіп жатыр.