itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

1
Айта кетейік,биыл бұл аталған нысанда шыққан үшінші өрт.
Алғашқы өрт биыл қаңтарда болды. Ол кезде Ертіс арқылы өтетін салынып жатқан көпірде,Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей шекарасы автожолының учаскесінде,№4 тіректе жылу тенті мен қалып жанған еді. Өрттің шығуына отпен жұмыс істеу кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы себеп болған.
1 ақпан күні таңертең №5 тіректе оқшаулағыш,қорғаныс жабыны және қалыптың ағаш элементтері өртенді. Бұған электр құрылғыларын пайдалану кезіндегі талаптардың бұзылуы себеп болды.
Көпір құрылысына тапсырыс беруші "ҚазАвтоЖол" ҰҚ АҚ бұл жолғы өрттің себебін әлі де анықтап жатыр. Бұған дейін көпір тірегінде құрылыс жұмыстары жүргізілмегені хабарланған.
"Екі өрттен кейін біз жұмысшылар штатын да,өрт қауіпсіздігі шараларын да күшейттік. Соңғы жағдайдың себебін әлі анықтап жатырмыз. Қазір комиссия құрып,бәрін егжей-тегжейлі тексереміз",- деді "ҚазАвтоЖол" ҰҚ АҚ Павлодар облыстық филиалының басшысы Ермұрат Нұрханов.
Сондай-ақ ол болған оқиға нысанды тапсыру мерзіміне әсер етпейтініне сендірді.
Компания өкілдері көпір жобасының қымбаттамағанын,өйткені бұған дейін оның толық құны жарияланбағанын алға тартты. 2023 жылы құрылыстың бастапқы кезеңіне қажетті 39 миллиард теңге сомасы туралы айтылған болатын. Қазір компания мәліметінше,барлық жұмысты ескере отырып,жобаның құны 72 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Оның жалпы ұзындығы 2,7 шақырымды құрайды.
Павлодарда Ертіс арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысы 2024 жылдың мамыр айында басталған. Нысан жұмыс істеп тұрған көпірден 40 метр қашықтықта бой көтерген. Көпірдің жалпы ұзындығы 2,1 шақырым болады. Оның құрылысы 71 миллиард теңгеге бағаланған. Нысанды осы жылдың желтоқсанында пайдалануға беру жоспарланып отыр.