Өмір

Ақтөбедегі ХҚКО-да “көмекшілердің“ өз кабинеттері болған - ұстау сәтінің видеосы

Apr 9, 2026 IDOPRESS
itemprop=\"image\" itemscope itemtype=\"http://schema.org/ImageObject\"> Ақтөбедегі ХҚКО-да заңсыз делдалдық схеманың беті ашылды,- деп хабар

itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

Ақтөбедегі ХҚКО-да заңсыз делдалдық схеманың беті ашылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында қылмыстық схема ұйымдастырған бір топ тұлғаның жолын кесті.

Жедел мәліметтер бойынша,олар ХҚКО-ның жалға алынған бірнеше кабинетінде сыйақы үшін жалған құжаттарды пайдалана отырып,шетелдіктерді тіркеу бойынша делдалдық қызмет көрсеткен.

"Аталған тұлғалар Орталық Азия елдерінен келген шетелдіктерге заңсыз құжат рәсімдеумен айналысқаны анықталды",- делінген полиция хабарламасында.

Жалған құжаттарды дайындау,қолдан жасау және өткізу фактілері бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында тергеу амалдары жалғасып жатыр.