itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

Алматы тұрғындары метродағы жаңа турникеттерге шағымданды: олардың айтуынша,құрылғылар билеттерді 20–30 секунд оқиды,соның салдарынан кезек пайда болады. Бұл жағдайға қатысты әкімдік түсініктеме берді,- деп хабарлайды
Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде метро турникеттерінің алдында пайда болған ұзын-сонар кезек түсірілген видеоны жариялады.
"Момышұлы станциясындағы метрода тағы да қарбалас. Билетті 20–30 секунд оқитын жаңа терминалдар қойыпты",- деп жазды автор.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Tengri Almaty (@tengri.almaty)
Алматы әкімдігі метрополитенде турникеттерді жаңарту басталғанын хабарлады.
"Жоба аясында QR-коды бар қағаз билеттер,банк карталары,Apple Pay,Samsung Pay және тағы басқа төлем тәсілдерін қабылдайтын әмбебап турникеттер енгізіледі",- деді әкімдік өкілдері.
Сондай-ақ баспасөз қызметі жобаны іске асыру жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттырып,турникеттер маңында адамдардың жиналуын азайтуға бағытталғанын айтты.
"QR-код пен жетондарды оқу уақыты бірдей. Метрополитен мамандары жабдықтардың жұмысын тұрақты түрде бақылап,ауытқу анықталған жағдайда жедел шаралар қабылдайды",- делінген әкімдік хабарламасында.
Әкімдік мәліметінше,жетондардың орнына QR-коды бар қағаз билеттерге көшудің бірнеше себебі бар:
жетон қабылдауға арналған механикалық бөлшектердің жиі бұзылуы;
жөндеуге қажетті қосалқы бөлшектердің болмауы және олардың қымбаттығы;
QR-код технологиясын қолдана отырып "Оңай" және Avtobys көлік жүйелерімен біріктіру мүмкіндігі.
"QR-коды бар қағаз билеттер бір реттік сапарға арналған және жолаушыларда басқа төлем тәсілі болмаған жағдайда қолданылады",- деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Әкімдік мәліметінше,бүгінде метрополитендегі турникеттердің 50 пайыздан астамы жаңартылып,аталған барлық төлем тәсілін қабылдайды. QR-коды бар қағаз билеттер қаладағы барлық станцияда енгізілген.