itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

Атырау облысындағы "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының мамандары биыл ортағасырлық Сарайшық кешеніне қарасты бес қалашық орнынан 250-ге жуық жәдігер тапты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар XIV ғасырдың алғашқы кезеңіне жататын тұрғын үйлердің,цитадельдің және керуенсарайдың бөліктері анықталған. Табылған жәдігерлер Алтын Орда дәуіріне тиесілі.⠀
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бас инспекторы,археолог Айбек Тұрарұлының айтуынша,табылған жәдігерлер қатарында металдан,шыныдан және сүйектен жасалған тұрмыстық әрі сәндік бұйымдар,қыш ыдыстар бар. Соның ішінде,бір жәдігер ғылыми қоғамдастықтың ерекше қызығушылығын тудырды.
"Ең ерекше жәдігер – XIV–XV ғасырларға тиесілі,Алтын Орда қалашықтарында бұрын кездеспеген қоладан жасалған құлып",- деді археолог.
Сарайшық - Қазақстандағы ең көне қалалардың бірі,ол әр түрлі уақытта Алтын Орданың,Ноғай Ордасының және Қазақ хандығының астанасы болған.