Өмір

Шымкентте баланың ішегінен магнит пен металл заттар шыққан

Mar 11, 2026 IDOPRESS
itemprop=\"image\" itemscope itemtype=\"http://schema.org/ImageObject\"> Шымкентте дәрігерлер баланың ішегінен магнит пен металл заттарды ал

itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

Шымкентте дәрігерлер баланың ішегінен магнит пен металл заттарды алып шықты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Бала іші қатты ауырғанына шағымданып,жедел жәрдем бригадасымен қалалық балалар клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілген.

"Уақыт өте жағдайы жақсармады,іш ауруы басылмады,сондықтан біз көмек сұрап,баланы ауруханаға жеткіздік",- деді анасы.

Қабылдау бөлімінде кезекші хирургтер баланы қарап,іш қуысының рентгенографиясын тағайындаған.

"Тексеру барысында ішекте бөгде заттар - магнит,бұранда және алты қырлы гайка анықталды",- деді дәрігерлер.

Тексеруден кейін бала балалар хирургиясы бөліміне жатқызылып,оған шұғыл түрде операция жасалды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы қанағаттанарлық,ол дәрігерлердің бақылауында қажетті ем қабылдап жатыр.