Жаңбыр, тұман және аптап: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Jul 8, 2025 IDOPRESS
Дина Шарипханова Корреспондент ПОДЕЛИТЬСЯ \"Қазгидромет\" синоптиктері 8,9 және 10 шілдеге арналған ауа р

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" синоптиктері 8,9 және 10 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңбыр және тұман

Атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның көп бөлігінде найзағай ойнап,жаңбыр жауады. 9-10 шілдеде елдің солтүстігінде,10 шілдеде солтүстік-батысында,оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында – нөсер жаңбыр,бұршақ және дауыл күтіледі.

Тек республиканың батысында солтүстік-батыс антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ел бойынша жел күшейеді. Түнгі және таңғы уақытта елдің солтүстігінде тұман түседі.

Ауа температурасы қандай болады?

9-10 шілдеде республиканың батысы мен оңтүстік-батысында күндіз қатты ыстық болады – 35-41 градус,солтүстік-батысында – 35-38 градус. Солтүстік өңірлерде түнде 7-15,күндіз 20-27 градус жылы. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында температура біртіндеп төмендейді. Қалған өңірлерде температуралық жағдайда күрт өзгерістер күтілмейді.