Астана және Алматыда ауа райы күрт өзгереді: болжам

Jun 24, 2025 IDOPRESS
Дина Шарипханова Корреспондент ПОДЕЛИТЬСЯ Қазгидромет синоптиктері 24–26 маусым аралығында Астана мен

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет синоптиктері 24–26 маусым аралығында Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы ауа райы болжамы

24 маусымда елордада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып,найзағай ойнайды,бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9–14 м/с,таңертең және күндіз екпіні 15–18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +10…+12,күндіз +21…+23 градус.

25 маусымда – құбылмалы бұлтты,жауын-шашынсыз ауа райы. Жел – солтүстік-шығыстан,9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +10…+12,күндіз +22…+24 градус.

26 маусымда елордада қайтадан кей уақыттарда жаңбыр жауып,найзағай ойнайды. құбылмалы бұлтты,жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +11…+13,күндіз +18…+20 градус.

Алматыдағы ауа райы болжамы

24 маусымда Алматыда құбылмалы бұлтты,жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жел – солтүстік-батыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +20…+22,күндіз жазғы ыстық – +32…+34 градус.

25 маусымда да жауын-шашын күтілмейді. құбылмалы бұлтты,жел оңтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +21…+23,күндізгі ыстық +34…+36 градусқа дейін көтеріледі.

26 маусымда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Күндіз жаңбыр жауып,найзағай ойнайды. Жел – оңтүстік-шығыстан 3–8 м/с,күндіз екпіні 13 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +19…+21,күндіз +28…+30 градус.