Өмір

Қазгидромет астаналықтарға тағы ескерту жасады

Jun 12, 2025 IDOPRESS

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" Астана мен басқа да қала тұрғындарына ескерту жариялады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2025 жылғы 12 маусымда Павлодар,Өскемен қалаларында,түнде Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді",- делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы,жеңіл жел,тұман,инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.