Дина Шарипханова
Корреспондент
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алдағы күндері Астана мен Алматыда құбылмалы бұлтты және жаңбырлы ауа райы күтіледі. 12-14 маусым аралығындағы ауа райы болжамы жарияланды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
12 маусымда елордада құбылмалы бұлтты,қысқа мерзімді жаңбыр,найзағай,бұршақ күтіледі. Түнде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с,күндіз 9-14 м/с,екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20,күндіз +27…+29 градус жылы.
13 маусымда синоптиктер құбылмалы бұлтты,найзағай болатынын болжайды. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады,жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20,күндіз +28…+30 градус жылы.
14 маусымда ауыспалы бұлтты,кей уақытта жаңбыр,найзағай күтіледі. Жел оңтүстіктен батысқа ауысады,жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +17…+19,күндіз +26…+28 градус жылы.
12 маусымда Алматы қаласында құбылмалы бұлтты,түнде аздаған қысқа мерзімді жаңбыр,найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с,түнде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20,күндіз +31…+33 градус жылы.
13-14 маусымда синоптиктер құбылмалы бұлтты,3-8 м/с,екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +21…+23,күндіз +31…+33 градус жылы.