Өмір

Астанада тұрғын үй кешенінде шыққан ірі өрт сөндірілді

Jun 9, 2025 IDOPRESS

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ТЖМ өртсөндірушілері Астанада Тәуелсіздік көшесінде орналасқан тұрғын үйде шыққан өртті сөндірді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нақтыланған ақпарат бойынша,тұрғын үй кешенінің кабілдік шахтасында 1-12 қабаттардағы 36 т.м. электр сымдарының сыртқы қаптамасы және жертөледе 5 шаршы метр алаңда жиналған жиһаз жанған.

"Тұрғындар өз бетінше эвакуацияланған. ТЖД күштерімен құтқару қалпақтарының көмегімен баспалдақпен 4 адамды құтқарылды. Оқиға орнында күштер мен құралдар жоғары дәрежеде жұмыс істеп жатыр",- делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.